Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тағы жарыстың финалына жете алмады

Теннис
Olympic.kz
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тың Фэйрфилд қаласында өтіп жатқан ATP Challenger сериясындағы турнирдің жұптық бәсекесінде бақ сынады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Швециялық серіктесі Олли Вллинмен бірге өнер көрсеткен Попко жартылай финалда неміс жұбы — Матс Розенкранц пен Макс Вискандтқа қарсы кортқа шықты.
Алайда кездесу 6:1, 3:6, 10:2 есебімен неміс спортшыларының пайдасына аяқталды. Ойын 1 сағат 15 минутқа созылды.
Турнирдің финалында Розенкранц пен Вискандт америкалық Спенсер Джонсон және Уолли Тэйн дуэтімен кездеседі.