Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалына өте алмады

Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалына өте алмады
Теннис

Olympic.kz

Қазақстандық теннисші, еліміздің әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан беделді WTA 1000 санатындағы турнирде жартылай финалға жете алмады. 

Ширек финалда Рыбакина әлемдік рейтингте көш бастап тұрған Беларусь теннисшісі Арина Соболенкоға қарсы кортқа шыққан болатын.

Қос қарсыластың ойыны аса тартысты басталғанымен, беларусь спортшысы басымдық танытып, екі сетте қатарынан 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Елена турнирдің жартылай финалына өте алмады.

Дегенмен, оның WTA деңгейіндегі тұрақты нәтижелері мен тәжірибелі қарсыластармен тең дәрежеде ойнауы — алдағы жарыстарда бұдан да жоғары көрсеткіштер күтуге болатынын аңғартады.