Қазақстандық жас хоккейші Асанәлі Сәркенов АҚШ-та өткен матчта көзге түсті

Хоккей
Ашық дереккөзінен
АҚШ-тағы WHL (Батыс хоккей лигасы) аясында өткен тұрақты маусым ойынында «Спокан Чифс» командасы «Венатчи Уайлд» клубын 4:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Кездесуде қазақстандық шабуылшы Асанәлі Сәркенов өз есебіне бір шайба жазды. Клубтың ресми мәліметінше, ол Оуэн Мартиннің пасын сәтті пайдаланып, қарсылас қақпашысы Кэл Конвэйді қапы қалдырған.
Айта кетейік, 19 жастағы Сәркенов биылғы маусымда төрт кездесуге қатысып, 2 ұпай (1 гол + 1 пас) жинады.