"Қайрат" клубы Сатпаевтың денсаулығына байланысты маңызды шешім қабылдады

Футбол

Қайрат ФК

Алматылық «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сатпаев бүгін түнде Дохаға (Катар) ұшып кетеді. Ол жақта жас футболшы қосымша медициналық тексеруден өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап. 

Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, ойыншыны Катарға жіберу туралы шешім дәрігерлердің ұсынысымен қабылданған. Мұндай қадам диагнозды нақтылау және оның денсаулық жағдайына тереңірек талдау жасау мақсатында жасалған көрінеді.

Тексеру елдегі жетекші клиникалардың бірінде өтеді деп күтілуде. Оның нәтижесінен кейін футболшының әрі қарайғы қалпына келу жоспары анықталады.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Лихтенштейнмен өткен (4:0) матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Сәтпаевтың жарақаты ауырлау екенін айтқан болатын.