Қазақстан мен Өзбекстан Ташкентте жолдастық мат өткізеді

Қазақстан мен Өзбекстан Ташкентте жолдастық мат өткізеді
Футзал

KFF

Футзалдан Қазақстан және Өзбекстан құрамалары Ташкентте жолдастық матч өткізеді. 

Өзбекстан футзал федерациясының мәліметінше, кездесу 16 қазан күні Юнусабад спорт кешенінде жоспарланған. Ойын жергілікті уақытпен 17:00-де басталады. 

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы жақында 2026 жылғы Азия кубогының финалдық кезеңіне жолдама алған. Сондықтан алдағы екі команданың кездесуі көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр. 

Жолдастық матч қос ұжымның ресми жарыстар алдындағы дайындық деңгейін тексеруге мүмкіндік береді.