Бейжің турнирінің басында Рыбакина медициналық үзіліс алуға мәжбүр болды

Бейжің турнирінің басында Рыбакина медициналық үзіліс алуға мәжбүр болды
Теннис

Ашық дереккөзден

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің 10-ракеткасы саналатын Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы Бейжің турнирінде алғашқы кездесуінде қолайсыздыққа тап болды, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Ол америкалық Кэти Макнэллиге (WTA рейтингі – 90) қарсы ойында шынтақ жарақатына байланысты матчта қиналып жатқан көрінеді. Екінші сетте есеп 5:4 кезінде Рыбакина медициналық тайм-аут сұрап, физиотерапевт оның шынтағы мен қолын уқалап ем-шара қолданды.

Қазір матчтың шешуші үшінші партиясы өтіп жатыр. Бұған дейін Елена алғашқы сетте 7:5 есебімен жеңіске жетсе, екінші сет Макнэллидің пайдасына аяқталған болатын.

Айта кетейік, жарыс 24 қыркүйектен 5 қазанға дейін жалғасады. Бұл турнирдің өткен жылғы чемпионы америкалық Кори Гауфф.