Елена Рыбакина Ухандағы WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңіне шықты

Теннис
ҰОК
Қазақстан әйелдер құрамасының жетекшісі Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан беделді WTA 1000 сериялы турнирінің үшінші кезеңіне жолдама алды.
Екінші айналымда Рыбакина Румыния спортшысы Жаклин Кристианмен кортқа шығып, екі сет қорытындысы бойынша 6:4, 6:3 есебімен айқын жеңіске жетті.
Осылайша қазақстандық теннисші 1/8 финалда Чехия өкілі Линда Носковамен күш сынасады.