Юлия Путинцева Ухандағы тартысты ойында жеңісті қолдан шығарып алды

Теннис
Olympic.kz
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайдың Ухань қаласында өткен WTA 1000 турнирін бірінші айналымнан аяқтады, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.
Юлия аталмыш бәсекеде әлемнің 17-ракеткасы Линда Носковамен аса тартысты үш сет ойнады. Матч екі сағат қырық минутқа созылды. Алғашқы сетте чех спортшысы басым түссе, екінші сетте Путинцева қарымта қайтарып, есепті теңестірді. Шешуші кезеңде сәл ғана қателік Юлияның жеңісіне кедергі болды — 6:4, 4:6, 7:6 (7:2).
Нәтижесінде, қазақстандық теннисші алты эйс жасап, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Бірақ соңғы сәттерде сәттілік қарсыласының жағында болды. Енді Линда Носкова келесі айналымда жапон жұлдызы Наоми Осакомен кездеседі.