Македонияға қарсы матчқа Самородов қатыса алмайды

Македонияға қарсы матчқа Самородов қатыса алмайды
Футбол

KFF

Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі келесі кездесуге маңызды ойыншысынсыз қатысады. 

Команданың басты шабуылшысы Максим Самородов Солтүстік Македониямен өтетін матчта алаңға шықпайды. Оған себеп – футболшы Лихтенштейнмен өткен ойында сары қағаз алып қалды. Бұл оның іріктеу кезеңіндегі екінші ескертуі болғандықтан, ереже бойынша келесі кездесуді өткізіп жіберуге міндетті. 

Десе де, Самородов соңғы уақытта нәтижелі ойын көрсете алмай жүр. Ол клуб және ұлттық құрама сапында қатарынан 23 матч бойы гол соқпаған. Соңғы рет шабуылшының соққысы мамыр айында ғана нысанаға дәл тиген еді. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 13 қазан күні Солтүстік Македониямен сырт алаңда кездеседі.