Шымкентте садақ атудан Қазақстан кубогының жекелей жеңімпаздары анықталды

Спорттық ату
Ашық дереккөзінен
Шымкент қаласында садақ атудан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі мәресіне жетті. Бірнеше күнге созылған додада еліміздің үздік мергендері анықталды.
Классикалық садақ ату бойынша ерлер арасында Ильфат Абдуллин топ жарса, әйелдер сынында Диана Тұрсынбек алтын медаль иегері атанды.
Блоктық садақ атудан ерлер арасында Бунед Мирзаметов қарсыластарынан басым түсіп, үздік нәтижені тіркеді. Ал әйелдер арасында Виктория Лян жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Айта кетейік, бұл турнир маусымдағы ең маңызды бәсекелердің бірі саналады. Ол спортшыларға халықаралық жарыстарға іріктелуге және ұлттық құраманың негізгі сапына енуге мүмкіндік береді.