Жәнібек Әлімханұлы төрт белбеуге бір қадам жақындады

Бокс
Olympic.kz
Орта салмақтағы қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне ресми түрде келісімшартқа қол қойды.
Ол WBA белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен рингке шығуға дайын. Бұл кездесу WBO, IBF және WBA титулдарын біріктіру үшін өтпек.
BoxingScene мәліметінше, айқас 6 желтоқсанда АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында ұйымдастырылады. Жәнібектің өкілі Берік Сұлтан бұл жекпе-жекті “тарихи шайқас” деп атап, төрт титулды біріктіру жолындағы маңызды қадам екенін айтты.
Айта кетейік, бұл бокс кешін Premier Boxing Champions (PBC) ұйымы өткізеді. Егер бәрі ойдағыдай өтсе, Әлімханұлы мансабындағы ең ірі және тарихи айқасқа қадам баспақ.