Бейжіңдегі басты текетірес: Сарапшылар Рыбакинаға сенеді

Теннис
WTA
Lastwordonsports.com сайты Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің екінші айналымында Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина америкалық Кэти Макнэллимен кездесуіне өз болжамын ұсынды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Екі спортшы бұған дейін бір рет кортта жолығып, сол кездесуде Макнэлли жеңіске жеткен. Дегенмен мамандардың айтуынша, Рыбакина соңғы уақытта ойын қарқынын қайта тауып келеді. Солтүстік Америкадағы хард корттарында сенімді өнер көрсетіп, Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында Джессика Пегуланы жеңгені соның дәлелі.
Макнэлли де тәжірибелі қарсылас ретінде күтпеген тәсілдерді қолдана алады. Бірақ Елена өз мүмкіндігін толық пайдалана білсе, матчтың тізгінін қолына алуы қиын емес.
Болжам: Рыбакина екі сетте жеңіске жетеді.