Геннадий Головкин Олимпиадалық боксты басқара ма?

Геннадий Головкин Олимпиадалық боксты басқара ма?
Бокс

©instagram.com/gggboxing

Орта салмақтағы аты аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин енді рингтен тыс үлкен жауапкершілік алуға дайын сияқты. Ол World Boxing ұйымының президенті болуға үміткер ретінде тіркелді. 

Бұл жаңалықты ұйымның ресми өкілдері растады. Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Головкиннің кандидатурасын толық қолдап отыр. Бұған дейін әйгілі украиналық боксшы Владимир Кличко да осы қызметке үміткер болатынын мәлімдеген еді. Алайда оның өтініші кейін шегеріліп, сайлауға қатыспайтын болды. 

Осылайша, Головкин президенттікке басты фавориттердің бірі саналып отыр. Сайлау 23 қараша күні өтеді. Егер қазақстандық спортшы жеңіске жетсе, ол World Boxing ұйымының президенті ретінде 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасындағы боксты үйлестіру ісіне тікелей қатыса алады.

Головкин рингтегі жетістіктерінен бөлек, спорттағы әділдік пен ашықтық қағидаттарын ұстанатын тұлға ретінде де танымал. Сарапшылардың пікірінше, оның басшылыққа келуі әлемдік бокстағы реформаларды күшейтіп, Олимпиадалық қозғалыстың беделін арттыруы мүмкін.