«Қайраттың» жас жұлдызы Азамат Тұяқбаевқа Англиялық клуб көз тікті

«Қайраттың» жас жұлдызы Азамат Тұяқбаевқа Англиялық клуб көз тікті
Футбол

Қайрат ФК

«Қайраттың» жас шабуылшысы Азамат Тұяқбаевқа Англия Чемпионшипінің көшбасшысы – «Ковентри» клубы қызығушылық танытты, деп хабарлайды Bassport.kz ASnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ағылшын құрамасының бұрынғы ойыншысы Фрэнк Лэмпард жаттықтыратын команда скауттары 18 жастағы футболшыны УЕФА жастар лигасында «Спортингке» қарсы өткен кездесуден кейін байқапты. Сол ойында Тұяқбаев дубль авторы атанған болатын. Сондай-ақ жас ойыншы соңғы ҚПЛ турындағы «Жетісуға» қарсы матчта да (5:0) көзге түсті. 

Айта кетейік, тоғыз турдан кейін «Ковентри» Чемпионшип турнирінде 19 ұпаймен көш бастап тұр. Команданың шабуылшылары Хаджи Райт пен Брандон Томас-Асанте үздік сұрмергендер үштігінде.