Америкалық БАҚ: Шавкат Рахмоновтың чемпиондық мүмкіндігі жоғары

Америкалық БАҚ: Шавкат Рахмоновтың чемпиондық мүмкіндігі жоғары
Жекпе-жек

Ашық дереккөзінен

АҚШ-тағы Bloodyelbow.com сайты қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жағдайына талдау жасап, оның титулдық жарысқа қайта араласу мүмкіндігін бағалады. 

Қазақ жауынгері соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында жұдырықтасқан. Сол кезде алған жарақатының салдарынан ұзақ уақыт қалпына келуге мәжбүр болған еді. Кейін әлеуметтік желілерде Шавкаттың жарақаты қайта асқынып, тағы 10 айға шеттетілді деген ақпарат тарады. Бірақ бұл мәліметті Рахмоновтың командасы да, өзі де жоққа шығарды. 

Басылымның пікірінше, жартылай орта салмақтағы күштер ара салмағы қазір айтарлықтай өзгеріп жатыр. Ал Шавкат октагонға оралғанша, бұл дивизион мүлде жаңа деңгейге өтуі мүмкін. Соған қарамастан, сарапшылар Рахмоновтың әлеуетіне сенім білдіріп отыр. 

«Рахмонов 19 жекпе-жекте қатарынан жеңіске жетіп, оның жетеуін UFC-де тіркеді. Бұл — ММА тарихындағы ең ұзақ әрі әсерлі сериялардың бірі. Сондықтан оның титул жолына қайта оралуы – уақыттың ғана мәселесі», — деп жазады Bloodyelbow.com.