Жекпе-жексіз де үздік: Рахмоновтың рейтингтегі орны өзгеріссіз қалды

Ашық дереккөзінен
UFC ұйымы үздік спортшылар рейтингін жаңартты. Жаңа тізімде қазақстандық Шавкат Рахмонов өз орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Bassport.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол соңғы айларда октагонға шықпағанына қарамастан, әлі де UFC элитасының қатарында – рейтингтің 15-сатысында тұр.
Бұл жолы бразилиялық Алекс Перейра ерекше көзге түсті. Ол Магомед Анкалаевты жеңіп, чемпиондық белбеуін қайтарып алды және бірден төрт сатыға көтеріліп, алтыншы орынға жайғасты.
Ал Анкалаев керісінше, үздік ондықтан шығып қалды. Қазіргі таңда P4P рейтингінің көшін испан-грузин файтері Илия Топурия бастап келеді. Одан кейін Ислам Махачев пен Мераб Двалишвили орналасқан.
UFC сарапшыларының пікірінше, Рахмоновтың мұндай тұрақтылығы — оның беделі мен кәсіби деңгейінің дәлелі. Көпшілік енді Шавкаттың жарақаттан толық айығып, келесі кездесуін қашан өткізетінін күтуде.