Александр Бублик Қытайдағы турнир финалына бір қадам жақындады

Александр Бублик Қытайдағы турнир финалына бір қадам жақындады
Теннис

Фото: Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Ханчжоу турнирінің жартылай кезеңге өтті. 

Ол ширек финалда чехиялық Далибор Сврчинамен кездесіп, нәтижесінде 6:1, 6:1 есебімен ойсырата ұтты. Александр үшін бұл маусым сәтті басталды: алдымен ATP турнирлерінде төрт титул жеңіп алды – Халле, Гштад, Кицбюэль және маусымдық командалық жарыста тағы бір мәрте топ жарды. Ал жартылай финалда Бублик жергілікті фаворит Ву Ибинмен кездеседі.

Айта кетелік, қытайлық теннисші осы турнирде Даниил Медведевті, Себастьян Корда мен Адриан Маннариноны үш сетке созылған матчтарда жеңіп, сенсация жасады. Десе де, сарапшылар қазақстандық спортшының жеңетініне сенім білдіріп отыр.