ҚХЛ «Барыс» клубының жаңа басшылығының жоспарларын таныстырды

ҚХЛ «Барыс» клубының жаңа басшылығының жоспарларын таныстырды
Хоккей

olympic.kz

ҚХЛ президенті Алексей Морозов қазақстандық «Барыс» клубының жаңа басшылығы Жастар хоккей лигасымен (ЖХЛ) жұмыс істеуде үлкен әлеует бар екенін атап өтті, деп хабарлайды Bassport.kz Matchtv.ru-ға сілтеме жасап.

Морозовтың айтуынша, бұрынғы басшылық ЖХЛ-дан шығу жөнінде хат жіберген болса, жаңа басқару құрамының бағыты мүлдем басқа. Олар «қар барыстары» фарм-клубымен байланысты сақтап, ЖХЛ-да ойнауды жалғастыруға мүдделі екендерін жеткізген.

— Біз «Барыс» басшылығымен кездестік, барлық спорттық мәселелерді талқыладық. Бұрынғы басшылық кеткенін хабарлаған еді, ал қазір жаңа құрам жұмысқа жаңаша көзқараспен кірісіп отыр. Қателіктерді мойындап, оларды түзетуге дайын. Маңызды қадамдардың бірі — бас бапкер Михаил Кравецтің тағайындалуы. Жаңа маусымда «Барыстан» өткен жылға қарағанда мүлде басқа деңгейдегі хоккей күтеміз, — деді Морозов.

Еске сала кетсек, тамыз айында «Барыс» ресми түрде Михаил Кравецті бас бапкер ретінде таныстырған болатын.