Асу Алмабаев UFC рейтингінде орнын сақтап қалды

Жекпе-жек
Sportnews.kz
UFC Шанхайда өткен Fight Night 257 турнирінен кейін ең жеңіл салмақ дәрежесінің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Тізімнің көшін америкалық Джошуа Ван бастап тұр. Одан кейінгі орындарда мексикалық Брэндон Морено мен АҚШ өкілі Брэндон Ройвэл орналасқан.
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев өз позициясын сақтап, тоғызыншы орыннан түскен жоқ.
Төменгі бөлікте аздаған өзгерістер тіркелді: америкалық Чарльз Джонсон британиялық Лонир Кавананы нокаутқа түсіргеннен кейін 15-орыннан 13-ші сатыға көтерілді. Ал өзбекстандық Рамазан Темиров пен бразилиялық Бруно Силва бір-бірден төмен сырғып, тиісінше 14 пен 15-орынға жайғасты.