«Барыс» легионерлерінің жаңа маусымдағы жалақысы белгілі болды

Vesti.kz
Астаналық «Барыстың» шетелдік жаңа ойыншылары алдағы ҚХЛ маусымында қанша табыс табатыны анықталды, деп хабарлайды Bassport.kz «Дядя Ваня» телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Жалақысы белгілі легионерлер:
• Майк Веккионе (АҚШ, шабуылшы) — $470,8 мың «Барыс» американдық хоккейшіні «Трактордан» қаржылай өтемақы арқылы алды. Өткен маусымда 32 жастағы орталық шабуылшы АХЛ-дағы «Херши» клубында 68 ойында 39 (19+20) ұпай жинады.
• Райлли Уолш (Канада, қорғаушы) — $458,4 мың АХЛ-да 317 матч өткізіп, 168 (42+126) нәтижелі әрекет жасады. 2017 жылғы драфттың үшінші раундында «Нью-Джерси Девилс» таңдаған. ҰХЛ-да бір ойын өткізіп, голдық пас берген.
• Иан Маккошен (АҚШ, қорғаушы) — $371,7 мың Карьерасының көп бөлігін Солтүстік Америкада өткізген. ҰХЛ-де 60 матч, АХЛ-де 244 ойынға қатысты. Өткен маусымда ҚХЛ-дағы «Куньлунь» сапында 61 ойында 15 (4+11) ұпай жинады.
• Оливье Родриге (Канада, қақпашы) — $371,7 мың 2020 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы. Өткен маусымда ҰХЛ-да «Эдмонтон» үшін 2 матч өткізді. АХЛ-да «Бейкерсфилд» сапында 41 кездесуде 19 жеңісіне үлес қосты.
• Тайс Томпсон (Канада, шабуылшы) — $371,7 мың ҰХЛ-да «Нью-Джерси» үшін 11 ойын өткізген. АХЛ-де 225 матч ойнаған. Өткен маусымда «Бриджпорт Айлендерс» үшін 65 кездесуде 21 (8+13) ұпай жинады.
• Эмиль Галимов (Ресей, шабуылшы) — $297,3 мың Өткен маусымда «Авангард» сапында 16 ойынға қатысып, 8 (4+4) ұпай жинады.
Жалақысы жарияланбаған легионерлер:
• Джейк Масси (Канада, қорғаушы) — АХЛ-да 152 матч өткізіп, 31 (10+21) ұпай еншілеген. «Херши Беарс» сапында екі мәрте Колдер Кубогын жеңіп алды.
• Мэйсон Морелли (АҚШ, шабуылшы) — Өткен маусымда АХЛ-дағы «Хендерсон» үшін 48 матчта 19 (13+6) ұпай жинады. Бұған дейін НХЛ-да «Вегас Голден Найтс» құрамында 10 кездесу өткізген.
Айта кетейік, легионерлер «Барыстың» ең жоғары жалақы алатын ойыншылары емес. Бұл көрсеткіш бойынша көшбасшылар — қазақстандық қақпашы Никита Бояркин және ресейлік шабуылшы Иван Николишин. Екеуі де маусым үшін $495,6 мың табыс табады.