Жаңа шабуылшы «Барыста» 200 млн теңге табыс табады

Хоккей
ХК «Барыс»
Астаналық «Барыс» құрамын америкалық форвард Тайс Томпсонмен толықтырды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ресейлік дереккөздердің мәліметінше, хоккейшінің бір жылдық келісімшарты шамамен 30 млн рубльді (200 млн теңгеге жуық) құрайды.
Томпсон 2019 жылы ҰХЛ драфтында «Нью-Джерси» клубы таңдаған ойыншы. Кәсіби мансабының басым бөлігін ол АХЛ-да өткізді. Өткен маусымда америкалық хоккейші «Бриджпорт» клубы сапында 65 кездесуде 21 (8+13) ұпай жинаған.