«Арсеналдың» 15 жастағы ойыншысы АПЛ тарихына енді

Футбол
Football.ua
Англия Премьер-лигасының екінші турында «Арсеналдың» жас жартылай қорғаушысы Макс Доумен тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz Squawka-ға сілтеме жасап.
15 жастағы футболшы «Лидске» қарсы өткен ойында (5:0) алаңға шығып, АПЛ тарихындағы ең жас ойыншылардың бірі атанды. Ол кездесуге 15 жас 235 күнінде қатысып, лига тарихында екінші көрсеткішті жаңартты.
Абсолютті рекорд та «Арсенал» түлегіне тиесілі — Итан Нванери Премьер-лигада 15 жас 181 күнінде дебют жасаған болатын.
Екі турдан кейін лондондық клуб турнир кестесінде көш бастап тұр. «Арсенал» барлық ойында жеңіске жетіп, әлі бірде-бір гол жіберген жоқ.