Қазақстандық боксшылардың WBO рейтингіндегі жаңа орындары белгілі болды

Бокс
WBO
Әлемдік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Қазақстандық спортшылардың көрсеткіштері мынадай:
• Бірінші ауыр салмақта Германияда тұратын қазақстандық Роман Фресс екінші орнын сақтап қалды.
• Екінші орта салмақта Али Ахмедов 14-орында тұр.
• Орта салмақта әлем чемпионы белбеуін Жәнібек Әлімханұлы иеленіп отыр. Бұл дивизиондағы үздік үштік өзгерген жоқ: көш бастап тұрған — британдық Дензел Бентли, екінші орында — венесуэлалық Эндри Сааведра, үшінші орында — германиялық Винченцо Гуальтьери.
• Екінші жеңіл салмақтағы Сұлтан Заурбек бір саты жоғарылап, 15-орыннан 14-орынға көтерілді.