«Барыс» — ҚХЛ-дағы ең жас командалардың бірі

«Барыс» — ҚХЛ-дағы ең жас командалардың бірі
Хоккей

Zakon.kz

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының ең жас командалары рейтингінде төртінші орынға жайғасты, деп хабарлайды Bassport.kz «Штаб Хоккеиста» телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Есеп бойынша, елордалық клуб ойыншыларының орташа жасы 24,7 жасты құрайды. Ал ҚХЛ-дың ең жас командасы болып «Сочи» танылды, олардың орташа жасы — 24,4 жас.

Толық тізім мынадай:

1. «Сочи» — 24,4 жас

2. «Спартак» (Мәскеу) — 24,6 жас

3. ЦСКА (Мәскеу) — 24,7 жас

4. «Барыс» (Астана) — 24,7 жас

5. «Амур» (Хабаровск) — 24,8 жас

6. «Торпедо» (Нижний Новгород) — 25,1 жас

7. «Динамо» (Минск) — 25,6 жас

8. «Автомобилист» (Екатеринбург) — 25,7 жас

9. «Северсталь» (Череповец) — 26,0 жас.

Осылайша, «Барыс» ҚХЛ-дағы ең жас әрі болашағы зор командалардың қатарында екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.