«Астана Жас» футбол клубы «Солтүстік-Шығыс» конференциясының Екінші лигасында чемпион атанды

«Астана Жас» футбол клубы «Солтүстік-Шығыс» конференциясының Екінші лигасында чемпион атанды
Футбол

«Астана Жас» футбол клубы «Солтүстік-Шығыс» конференциясының Екінші лигасында мерзімінен бұрын чемпион атанды. 16 ойыннан кейін команда 46 ұпай жинап, турнирдің аяқталуына үш тур қалғанда-ақ бірінші орынды иеленді.

Маусымдағы әсерлі нәтижелер команда дайындығының жоғары деңгейін дәлелдейді: қарсы қақпаға 101 гол соғып, өз қақпасына небәрі 14 доп жіберген. Осындай көрсеткіштердің арқасында «Астана Жас» сенімді түрде көшбасшылық танытып, бәсекелестерінен айқын алшақтады.

Чемпиондық жеңіс «Астана Жас» клубына келесі маусымда Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында ойнау құқығын береді. Бұл жас команда үшін үлкен тәжірибе мен жаңа белестерге жол ашпақ.

Клуб табысқа жету жолында бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ мен серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ-ның қолдауына сүйенді.

Клуб басшылығы футболшыларға, бапкерлерге, серіктестерге және жанкүйерлерге алғысын білдіріп, чемпиондық жеңісті ортақ еңбектің жемісі деп атады.