Головкин мен Әлімханұлының әсерлі кездесуі: «Сен – Қазақстан үшін жаңа кейіпкерсің»

Спорт Шредингера
Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлының кездесуі жайлы бейнежазба жарияланды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бұл кездесу 23 сәуірде өткен еді. Ол кезде Әлімханұлы тек суреттермен бөліскен болатын. Ал қазір тараған видеода Головкин оның Қазақстан үшін жаңа буынның қаһарманы екенін атап өтті:
«Елімізге қазір нағыз батырлар қажет. Мен бір буын болдым, ал сен – келесі ұрпақтың батырысың. Халық сен үшін оянады, саған қарап бой түзейді. Сен барлығын бағындыра аласың! Сен келесі дәуірдің қаһарманы болуың керек», – деді GGG.
43 жастағы Головкин – орта салмақта WBA, WBC, IBF және IBO белбеулерінің бұрынғы иегері, P4P рейтингінің экс-лидері. Ол соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде рингке шыққанымен, мансабын ресми аяқтаған жоқ. 2024 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан ҰОК президенті қызметін атқарып келеді.
32 жастағы Жәнібек Әлімханұлы – орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте өткізген 17 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған. Қазіргі таңда ол BoxRec және The Ring рейтингтерінде орта салмақтағы үздік боксшы саналады.