Таэквондодан Азия чемпионаты–2025: Қазақстан Өзбекстаннан да төмен нәтиже көрсетті

Таэквондодан Азия чемпионаты–2025: Қазақстан Өзбекстаннан да төмен нәтиже көрсетті
Басқа

olympic.kz

Таэквондодан кадеттер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы медаль саны бойынша алғашқы үштікке енбей, бесінші орынды қанағат тұтты, деп хабарлайды Bassport.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 1 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Бұл көрсеткіш ел құрамасын жалпыкомандалық есепте бесінші орынға орналастырды.

Медаль есебі мынадай:

1. Таиланд – 5 алтын, 4 күміс, 1 қола

2. Оңтүстік Корея – 4 алтын, 6 күміс, 3 қола

3. Қытайлық Тайбэй – 4 алтын, 3 күміс, 6 қола

4. Өзбекстан – 3 алтын, 0 күміс, 4 қола

5. Қазақстан – 1 алтын, 3 күміс, 4 қола

Айта кетейік, бұған дейін Малайзияның Кучинг қаласында жастар арасындағы Азия чемпионаты өткен болатын.