Геннадий Головкин тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді

Геннадий Головкин тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді
Бокс

Sportnews.kz

Әлемдік бокс ұйымының (World Boxing) атқарушы комитеті жеті жаңа ұлттық федерацияны қабылдады. Осылайша ұйымға мүше елдердің жалпы саны 118-ге жетті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Жаңа қосылған мемлекеттер қатарында Боливия, Сальвадор, Израиль, Микронезия, Сомали, Орталық Африка Республикасы және Гаити бар. Бұл елдердің федерациялары World Boxing құрамына ресми түрде енді.

2023 жылдың сәуірінде құрылған бұл ұйым Халықаралық бокс қауымдастығына (IBA) балама ретінде дүниеге келген болатын. Қазіргі таңда World Boxing олимпиадалық боксты басқару міндетін өз мойнына алып, халықаралық аренадағы беделін арттырып келеді.

Осы ұйымның дамуына қазақстандық аңыз спортшы Геннадий Головкиннің қосып отырған үлесі зор. Головкин 2023 жылдан бері World Boxing ұйымының Олимпиадалық комитетін басқарып, Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті қызметін де атқарып келеді.