«Барыс» бас бапкерімен келісімшартты бұзып, өтемақы төлейді

«Барыс» бас бапкерімен келісімшартты бұзып, өтемақы төлейді
Хоккей

Шайба.kz

Астаналық «Барыс» хоккей клубы бас бапкер Ғалым Мәмбеталиевпен келісімшартты тоқтататыны белгілі болды. Бұл туралы Bassport.kz Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

59 жастағы маманмен келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылып, оған шамамен 194 миллион теңге көлемінде өтемақы төленеді.

Еске салсақ, Мәмбеталиев 2023 жылдың қазанында «Барыстың» тізгінін ұстап, командамен үш жылдық келісімшартқа отырған еді. Алайда оның жетекшілігімен клуб Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты маусымында 68 ойыннан бар-жоғы 35 ұпай жинап, турнир кестесінің ең соңғы сатысына тұрақтады.