Шавкат рахмоновтың әйелі мен баласы жол апатына ұшырады: қаза тапқандар бар

Шавкат рахмоновтың әйелі мен баласы жол апатына ұшырады: қаза тапқандар бар
Басқа

Halyqstan

UFC-де ел намысын қорғап жүрген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың отбасында қайғылы жағдай орын алды. Жексенбі күні, 27 шілде таңында, спортшының жары Гүлайым Рахмонова жол апатына ұшырап, салдарынан оның екі жолаушысы көз жұмды, деп хабарлайды Bassport.kz HALYQSTAN Telegram арнасына сілтеме жасап.

Жол апаты Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында, Алматы – Екатеринбург тас жолының 296-шақырымында, Ақсүйек ауылына жақын маңда тіркелген. Гүлайым Рахмонова ұлы және құрбыларымен бірге Қарағандыдан Алматыға бара жатқан. Ол басқарған Toyota Land Cruiser көлігі аударылып кеткен.

Мәлімет бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған.

Апат салдарынан көліктегі 39 жастағы З.А. есімді жолаушы оқиға орнында көз жұмды, ал 35 жастағы А.С. ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған.

Гүлайым Рахмонова мен 2022 жылы туған ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізіліп, травматология бөліміне жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы – орташа ауыр, операцияны қажет етпейді, жағдайлары динамикалық бақылауда.

Аталған факті бойынша полиция екі немесе одан да көп адамның қаза болуына әкеліп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді.