Бақтиёр Зайнутдинов неліктен «Динамоға» ауысқанын түсіндірді

Футбол
Meta-ratings.kz
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиёр Зайнутдинов өзінің «Динамо» (Мәскеу) клубына ауысуына қатысты пікір білдіріп, алғашқы жаттығулардан алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Bassport.kz.
28 шілдеде ресми түрде «Динамо» ойыншысы ретінде таныстырылған Зайнутдинов клубпен төрт жылдық келісімшартқа қол қойды. Бұған дейін ол Түркияның әйгілі «Бешикташ» клубында өнер көрсеткен болатын.
— «Динамо» отбасысына қосылғаныма өте қуаныштымын. Жігіттер мені жылы қарсы алды. Командадан 5-6 ойыншыны бұрыннан танимын. Мұнда болғаныма қуаныштымын. Георгиевичтің жаттығулары мүлде басқаша — өте қарқынды. Жаттығу жиынынан өттім, біртіндеп бабым келе бастады. «Динамо» — үлкен амбициялары бар клуб, сондықтан да осы команданы таңдадым. Ең жоғарғы орындар үшін күрескім келеді. Алтын — арманым деуге де болады, — деді Зайнутдинов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.