Қазақстан WTT Youth Contender турнирін жеті медальмен аяқтады

Басқа
ҰОК
Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық ірі турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сілтеме жасап.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасы жеті жүлде жеңіп алды. Ел қоржынына екі күміс және бес қола медаль түсті. Күміс жүлдені Алан Құрманғалиев (U-19) пен Злата Стадник (U-11) еншіледі.
Қола медаль иегерлері: Нұрдәулет Азаматұлы (U-13), Жәния Бекмұхамбетова (U-13), Арайлым Сапабек (U-13), Қарақат Мейірхан (U-11) және Аделя Әлжанова (U-11).