«Қайрат» қарсыласын тас-талқан етіп, еурокубок топтық кезеңіне жолдама алды

«Қайрат» қарсыласын тас-талқан етіп, еурокубок топтық кезеңіне жолдама алды
Футбол

Sportburo.kz

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде финляндиялық КуПС командасын қабылдап, сенімді жеңіске жетті. Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтті, кездесуді болгариялық төреші Радослав Гиджегов басқарды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Букмекерлер мен мамандардың, тіпті жасанды интеллекттің пікірінше, бұл жұптағы анық фаворит — Қазақстан чемпионы еді.

«Қайрат» кездесуді аса жоғары қарқынмен бастап, Дастан Сатпаев 9-минутта алыстан бағыттаған соққысымен есеп ашты. Көп ұзамай Жоржиньо допты қақпа сызығынан өткізсе, үзіліске дейін Валерий Громыко айып алаңынан жасалған дәл соққысымен есепті 3:0-ге жеткізді.

Екінші таймда КуПС ойынға сәл бейімделіп, «Қайраттың» қақпасына бірнеше сәт туғызды. Алайда, Александр Заруцкий бастаған қорғаныс сенімді ойнап, қақпасына гол өткізген жоқ.

Осылайша, «Қайрат» екі ойын қорытындысы бойынша (3:2) келесі кезеңге өтті және еурокубок топтық кезеңіне қатысуын қамтамасыз етті.

Матч нәтижесі: «Қайрат» (Қазақстан) – «КуПС» (Финляндия) — 3:0 (жалпы есеп: 3:2)

Голдар:

9’ — Сатпаев (1:0)

29’ — Жоржиньо (2:0)

43’ — Громыко (3:0)

Қызыл қағаз: Зария (КуПС), 45’

Бірінші ойын: КуПС — Қайрат — 2:0