Универсиада-2025: Қазақстан 33-орында, Өзбекстан ТОП-10 қатарына кірді

Басқа
Ұлттық Дене Тәрбиесі Орталығы
Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарының алтыншы күні басталды. Бес күндік жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 33-орында тұр.
Біздің спортшылар әзірге алты қола медаль еншілеп, алтын мен күміс жүлдесіз қалып отыр. Ал көршілес Қырғызстан бір алтын және бір қола медальмен 20-орынға жайғасқан. Өз кезегінде Өзбекстан құрамасы 2 алтын, 4 күміс және 3 қола жүлдемен үздік ондыққа еніп, 8-орыннан көрінді.
Медальдар кестесінде көш бастап тұрған - АҚШ құрамасы. Екінші орында - Қытай, ал үздік үштікті Оңтүстік Корея студенттері түйіндеп тұр.
Айта кетейік, Универсиада жарыстары 27 шілдеге дейін жалғасады.