«Барыстың» жаңа бас бапкері белгілі болды

Хоккей
Шайба.kz
Астаналық «Барыс» клубын ресейлік маман Михаил Кравец жаттықтыратын болды. Бұл жөнінде Bassport.kz Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
61 жастағы бапкер жақын күндері елордаға келіп, клубпен ресми келісімшартқа қол қояды деп күтілуде.
Өткен маусымда Кравец ҚХЛ-дағы Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» клубын басқарған. Оның жетекшілігімен команда Батыс конференциясында тоғызыншы орынға ие болып, 68 ойында 62 ұпай жинады.
Айта кетейік, бұған дейін кейбір БАҚ өкілдері Кравецтің «Барыс» клубына келуі мүмкін екенін жазған. Алайда команданың баспасөз қызметі бұл ақпаратқа түсініктеме бермеген болатын.