Николай Веретенников UFC-дегі алғашқы жеңісі үшін 52 мың доллар алды

Спорткэф
Қазақстандық файтер Николай Веретенников UFC ұйымындағы алғашқы жеңісі үшін 52 мың доллар (шамамен 28 миллион теңге) алды, деп хабарлайды Bassport.kz порталы Sporty Salaries-ке сілтеме жасап.
20 шілдеде АҚШ-тың Нью-Орлеан қаласында өткен UFC 318 турнирінде Веретенников жартылай орта салмақта аргентиналық Франсиско Прадоға қарсы октагонға шығып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Жеңістен кейінгі қаржылық есеп:
• 24 000 доллар – кепілдендірілген гонорар;
• 24 000 доллар – жеңіс үшін бонус;
• 4 000 доллар – демеушілік төлем.
Жалпы табысы – 52 000 доллар.
Ал қарсыласы Франсиско Прадо бұл жекпе-жек үшін 30 000 доллар кепілдендірілген гонорар мен 4 500 доллар демеушілік төлем алған.
Айта кетейік, бұл — Николай Веретенниковтың UFC-дегі үшінші жекпе-жегі. Бұған дейінгі екі кездесуде ол жеңіліп қалған болатын: бірінде төрешілер шешімімен, екіншісінде техникалық нокаутпен ұтылған.