Александр Усик мансабын аяқтауы мүмкін

Бокс
EPA
Танымал промоутер Эдди Хирн украиналық кәсіпқой боксшы Александр Усиктің мансабын аяқтағанын қалайтынын мәлімдеді, деп жазады Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.
«Егер Усик дәл қазір спорттық мансабын аяқтаса, ол өз дәуірінің абсолютті данышпаны ретінде тарихқа енеді. Уақыт өте келе біз оның жасаған ерліктерін шын мәнінде бағалай бастаймыз. Есіңізде болсын, ол қарсыластарының жерінде жекпе-жек өткізіп, оларды тақтан тайдырып, абсолютті әлем чемпионы атанды. Бұл – феноменалды жетістік. Мен оның мансабын осы жерде аяқтағанын қалар едім. Дегенмен, егер жалғастыруға ниеті болса – оған тек сәттілік тілеймін», – деді Эдди Хирн The Stomping Ground Youtube-арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Александр Усик өзінің соңғы жекпе-жегінде Ұлыбританиялық Дэниел Дюбуаға қарсы рингке шығып, оны тоғызыншы раундта нокаутпен жеңген болатын.