ҚФФ 17-турдағы даулы сәттерге қатысты ресми түсініктеме берді

ҚФФ 17-турдағы даулы сәттерге қатысты ресми түсініктеме берді
Футбол

Sports24.kz

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) төрелік ету және инспекциялау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Қазақстан Премьер-Лигасының 17-турында орын алған бірнеше даулы сәтке қатысты түсініктеме жариялады. Бұл шешімдер ойын ережелері негізінде қабылданған, деп хабарлайды Bassport.kz KFF.kz сайтына сілтеме жасап.

«Елімай» – «Жеңіс»

74-минут: Орта алаңда қонақтар сапындағы №4 ойыншы мен алаң иелері сапындағы №19 ойыншы арасында доп үшін тартыс болды. Қонақтар ойыншысы қарсыласын жеңіл итеріп, допты иеленбек болған. Алайда жерде жатқан алаң иесі қарсыласының аяғына аяғымен сәл тиіп кетті. Байланысты сезген қонақтар ойыншысы бұрылып, қарсыласының бас тұсына жеңіл итеріп жіберді.

Арбитр оқиғаны жақыннан көріп, толық бақылауда ұстады. Ол екі ойыншыға да сары қағаз көрсетті. Қарсыласқа көрсетілген әрекеттер аса қауіпті болмағандықтан, бұл шешім дұрыс деп танылды. Айта кетейік, бұл ойында VAR жүйесі техникалық ақауларға байланысты жұмыс істеген жоқ.

«Қайрат» – «Қайсар»

50-минут: Қонақтар сапындағы №10 ойыншы допты айып алаңына бағыттады. Сол жерде алаң иелерінің қорғаушысы №89 бен қонақтар шабуылшысы №2 допқа таласты. Қорғаушы секіруге ерте әрекет жасап, шабуылшының басына қолымен соққы беріп қойды. Доп оның басына соғылғанға дейін-ақ бұл әрекет жасалған. Арбитр бұл сәтті байқамады.

VAR жүйесі араласып, төрешіге эпизодты қайта қарауды ұсынды. Нәтижесінде айқын фол тіркеліп, төреші дұрыс шешім қабылдады.

78-минут: Алаң иелерінің шабуылшысы №15 айып алаңына пас шығарды. Қонақтар қорғаушысы подкат жасап, доп алдымен аяғына, кейін қолына тиді. Қол денеге қысылған күйде болып, қолмен әдейі ойнау белгілері болмады.

Арбитр ойынды жалғастырып, VAR араласқан жоқ. Бұл шешім дұрыс деп танылды.

«Астана» – «Тұран»

90+1-минут: Қонақтар айып алаңында қақпашы подкат жасап, допты қолмен алуға тырысты. Алайда ол допқа жете алмай, алаң иелері шабуылшысын құлатып жіберді.

Арбитр бұл сәтті жақсы бақылап, пенальти белгіледі. VAR араласқан жоқ, себебі бұл айқын ереже бұзу болып саналды.

ҚФФ төрешілік департаментінің бұл түсініктемелері турдағы даулы сәттерге ашықтық әкеліп, төрешілердің шешімдерін ресми негізде түсіндіруді көздейді.