Жалғас Жұмағұлов Еуропадағы жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

Жалғас Жұмағұлов Еуропадағы жеңісінен кейін мәлімдеме жасады
Жекпе-жек

NUR.KZ

Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов Еуропадағы беделді Oktagon лигасында чемпиондық белбеу иеленгеннен кейін өз жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Маусым айының соңында Гамбург қаласында өткен Oktagon 73 турнирінде Жұмағұлов грузиялық Бено Адамияны төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіп, жеңіл салмақта чемпион атанды.

Жеңісінен кейін спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында:

“Басқалар сынған сәтте мен берілмедім. Еуропа — менікі. Келесі кезекте — бүкіл әлем!” — деп жазды.

Айта кетейік, Жалғас — Oktagon MMA лигасында чемпиондық белбеу иеленген алғашқы қазақстандық спортшы.

Еске салсақ, Жұмағұлов UFC-де жеті жекпе-жек өткізіп, бір жеңіс пен алты жеңіліс тіркеген. Бұған дейін ол Fight Nights Global ұйымының чемпионы атанып, 2018–2019 жылдары осы лиганың жеңіл салмағындағы белбеуін иеленген.