«Барыс» хоккей клубының жаңа бас бапкері белгілі болды

«Барыс» хоккей клубының жаңа бас бапкері белгілі болды
Хоккей

“Барыс” ХК

Астаналық «Барыс» клубы жаңа маусым қарсаңында команда бас бапкерінің лауазымына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bassport.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Өткен маусымда тіркелген төмен спорттық көрсеткіштерге байланысты негізгі команданың жаттықтырушылар құрамында өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта «Барыс» командасының бас бапкерінің міндетін уақытша Евгений Королев атқаратын болады.
Барлық регламенттік рәсімдер аяқталғаннан кейін өзгерістерге қатысты толық ақпарат ұсынылатын болады», — делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, өткен аптада Мәскеу қаласында ҚХЛ басшылығы мен «Барыс» клубының арасында жұмыс кездесуі өткен болатын. Кездесу нәтижесінде тараптар «Барыстың» ҚХЛ-дағы позициясын нығайту, «Снежные Барсы» командасының Жастар хоккей лигасына және клубтың ҚХЛ 3х3 чемпионатына қатысуы бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін айтқан.