АҚШ-та бұрынғы UFC жекпе-жек шебері оқ атқаны үшін тұтқындалды

AllFight.Ru
UFC ұйымының бұрынғы файтері Диего Санчес 18 шілде күні АҚШ-тың Нью-Мексико штатына қарасты Альбукерке қаласында қаруға байланысты екі бап бойынша қамауға алынды, деп хабарлайды Bassport.kz MMAFighting басылымына сілтеме жасап.
Тәртіп сақшыларының ресми мәліметіне сәйкес, Санческе төртінші деңгейдегі қылмыс болып саналатын «көлікке немесе көліктен оқ ату» және «қаруды абайсыз қолдану» (жеңіл құқықбұзушылық) баптары бойынша айып тағылған.
Оқиға жолаушы орындығында отырған Санчестің көліктің терезесінен сыртқа шығып, ауаға оқ атуы кезінде болған. Полиция көлікті қуып жетіп, спортшыны қамауға алған. Санчес өзі оқ атпағанын айтқанымен, көлікте тапанша бар екенін растаған.
Қазіргі таңда Диего Санчес кепілмен босату туралы шешімді күтуде.