UFC аңызы қазіргі заманғы файтерлерді сынға алды

UFC аңызы қазіргі заманғы файтерлерді сынға алды
Жекпе-жек

Википедия

UFC тарихындағы тұңғыш ресейлік чемпион Олег Тактаров қазіргі заманғы жекпе-жек шеберлеріне қатысты сыни пікір білдірді, деп жазады Bassport.kz.

Тактаровтың айтуынша, бүгінгі UFC файтерлері шынайы күрескерліктен алыстап кеткен:

«Олардың бәрі қазір салмақ қуу шебері ғана. Осылай жалғаса берсе, оларды моторсыз, түбі тесік кеме үстінде төбелестірген жөн шығар. Ешкім көрмесін, ешкімге үлгі болмасын. Бір аралға апарып, “Бүгін 95 келісің, ертең 60 бол” десін. Кім бірінші түссе – сол жеңімпаз», – деп айтты ол «Совспорт» басылымына берген сұхбатында.

Қазіргі таңда UFC құрамында белсенді келісімшартпен өнер көрсетіп жүрген 950 спортшы бар. Бұл көрсеткіш жекпе-жекке шығу жиілігіне қарамастан, промоушенмен ресми келісімшартқа отырған барлық файтерлерді қамтиды.