Николай Веретенников алғаш рет UFC-де жеңіске жетті

Николай Веретенников алғаш рет UFC-де жеңіске жетті
Жекпе-жек

NUR.KZ

Қазақстандық файтер Николай Веретенников (13–6) UFC ұйымындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.

UFC 318 турнирі аясында Жаңа Орлеанда (АҚШ) өткен жекпе-жекте Веретенников аргентиналық Франсиско Прадомен (12–4) күш сынасты. Үш раундқа созылған кездесу нәтижесінде Николай төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңімпаз атанды.

Бұл — Веретенников үшін кәсіби мансабындағы 13-жеңіс. Бұған дейін ол алты рет жеңіліске ұшыраған. Ал Прадо өзінің төртінші жеңілісін тіркеді.

Аталған жеңіс — қазақстандық спортшының UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде келген алғашқы табысы. Ол алғашқы кездесуін 2024 жылдың тамызында американдық Дэнни Бэрлоуға (9–1) қарсы өткізіп, бөлінген шешіммен жеңілген болатын. Ал 2025 жылдың ақпанында екінші рет октагонға шығып, Остин Вандерфордтан (13–2) техникалық нокаутпен ұтылып қалды.