Асу Алмабаевтың тарихи жекпе-жегі алдындағы қарсыласы жарыстан бас тартты

Жекпе-жек
Offside.kz
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегіндегі қарсыласы ауысты.
Bassport.kz хабарлағандай, 26 шілдеде Абу-Дабиде өтетін UFC Fight Night турнирінде Асу бастапқыда өзбекстандық Рамазан Темировпен кездесуі тиіс болатын. Алайда Темиров белгісіз себептермен жекпе-жектен бас тартты.
Енді Алмабаев октагонда перуандық Хосе Очоамен кездеседі. Очоа – UFC-де бір жеңісі мен бір жеңілісі бар файтер.
Асу мен Рамазан арасындағы айқас UFC тарихындағы Қазақстан мен Өзбекстан өкілдерінің алғашқы негізгі кардтағы кездесуі болар еді. Бұған дейін TUF шоуы аясында қазақстандық Алиби Идирис өзбек файтері Фурқатбек Ёқубовты жеңіп, ел намысын абыроймен қорғаған болатын.