Өзбекстан мен Әзірбайжан U-20 әлем чемпионатын өткізуге бірлескен өтінім берді

Sportburo.kz
Өзбекстан мен Әзірбайжан 2027 жылы өтетін жастар арасындағы футболдан әлем чемпионатын (U-20) өткізуге бірлескен өтінім тапсырды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Аталған бастама Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің Әзірбайжанға жасаған ресми сапары барысында көтерілген. Бакуде өткен мини-футболдан әлем чемпионатындағы жеңісімен Ильхам Әлиев пен әзірбайжан халқына құттықтау жолдаған Мирзиёев келесі халықаралық турнирді бірлесіп өткізуді ұсынған.
Футбол қауымдастықтарының мәлімдеуінше, соңғы жылдары екі елде де футбол инфрақұрылымы айтарлықтай дамып, халықаралық беделі артқан. Бұл ретте Өзбекстан мен Әзірбайжан турнирді жоғары деңгейде өткізуге толық дайын екендіктерін жеткізді.
Сондай-ақ, Өзбекстанда бірнеше стадион халықаралық стандарттарға сай жаңғыртылғаны атап өтілді.