АҚШ президенті UFC турнирін Ақ үйде өткізетінін мәлімдеді

1tv.ge
АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылы UFC турнирі Ақ үй аумағында өтетінін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бұл тарихи жоба Америка Құрама Штаттарының 250 жылдығына орай ұйымдастырылады. Трамп бұл туралы Айова штаты, Де-Мойн қаласындағы жәрмеңке алаңында сөйлеген сөзінде мәлім етті. Оның айтуынша, UFC октагоны Ақ үйге жапсарлас аумақта орнатылады және турнирге 25 мың көрермен жиналады.
— Бізді кәсіби де, әуесқой деңгейде де керемет шаралар күтіп тұр. Бірақ UFC жекпе-жектері ерекше оқиға болады, — деді АҚШ президенті.
Айта кетейік, Дональд Трамп UFC президенті Дана Уайтпен ұзақ жылдардан бері достық қарым-қатынаста. Ол аралас жекпе-жек әлеміне етене таныс әрі UFC-дің нөмірлік турнирлеріне жиі қатысып тұрады. Соңғы рет ол 2025 жылдың 7 маусымында Нью-Джерси штаты, Ньюарк қаласында өткен UFC 316 турнирінде көзге түсті.