UFC-де нокаутпен жеңіске жеткен қазақстандық файтерге үй сыйға тартылды

UFC-де нокаутпен жеңіске жеткен қазақстандық файтерге үй сыйға тартылды
Жекпе-жек

NUR.KZ

UFC ұйымында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық жеңіл салмақтағы файтер Бекзат Алмахан (12-2) Канаданың Монреаль қаласында өткен UFC 315 турниріндегі жарқын жеңісі үшін үй иеленді, деп хабарлайды Bassport.kz Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

Triumph Fights жекпе-жек залдарының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видеода 27 жастағы спортшыға жаңа баспананың кілті табысталғаны көрсетілген. Сонымен қатар, басқа да қазақстандық UFC файтері — Азат Максум (15-2) кросс мотоциклімен марапатталды.

Еске салайық, Бекзат Алмахан UFC 315 турнирінде жергілікті спортшы Брэд Катонамен (14-5) жекпе-жекке шығып, 64 секунд ішінде оны нокаутқа түсіріп, қарсыласын толықтай басымдықпен жеңген болатын. Бұл жекпе-жек Алмаханның UFC-дегі алғашқы айқын жеңісі болды және мамыр айының үздік нокауты деп танылды.

Айта кету керек, Алмаханның дебюті 2024 жылдың наурызында Умар Нурмагомедовке қарсы өткен. Ол жекпе-жекте алғашқы раундта Умарды нокдаунға түсіргенімен, шешуші үш раунд қорытындысында төрешілер дағыстандық спортшыны жеңімпаз деп таныған.

Ал Азат Максум соңғы кездесуін Бакуде өткізді. Оның қарсыласы Хабиб Нурмагомедовтің шәкірті Тагир Уланбеков болды. Үш раундқа созылған шайқас Уланбековтің жеңісімен аяқталды.