Джон Джонс карьерасын қайта жалғастыруға ниет білдірді

Sportbox
АҚШ-тың аты аңызға айналған ММА файтері Джон Джонс спортқа қайта оралуы мүмкін екенін меңзеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
37 жастағы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында:
«Неге Ақ үйде жекпе-жек ұйымдастырмасқа?» — деп жазды.
Сонымен қатар Джонс өзін және нокаут алған Том Аспинэллді бейнелейтін коллажды бөлісіп, оған:
«Маған бұл ұнайды!» — деп пікір қалдырды.
Бұған дейін Джон Джонстың UFC-дің допингке тексерілетін спортшылар пулына қайта қосылғаны хабарланған болатын.
Еске салайық, Джонс ММА-дегі мансабында 28 жеңіске жетіп, тек бір рет (дисквалификация арқылы) жеңілген. Маусым айының соңында ол ресми түрде спорттан кеткенін мәлімдеген еді. Осыдан кейін UFC-дің ауыр салмақтағы чемпионы атағы автоматты түрде Ұлыбритания өкілі Том Аспинэллге өткен.
Айта кетейік, UFC-дің Ақ үй аумағында өтетін турнирі 2026 жылдың 4 шілдесіне жоспарланған. Оны АҚШ президенті Дональд Трамп жариялады.