«Спартак» ресми түрде Бақтиер Зайнутдиновке ұсыныс жасады

«Спартак» ресми түрде Бақтиер Зайнутдиновке ұсыныс жасады
Футбол

Tengri Sport

Мәскеулік «Спартак» футбол клубы қазақстандық қорғаушы Бақтиер Зайнутдиновтің трансфері бойынша түркиялық «Бешикташқа» 3 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасады, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Fotomac басылымының мәліметінше, түрік клубы 27 жастағы ойыншы үшін 5 миллион еуро сұрауда. Қос тарап арасындағы келіссөздер әлі де жалғасып жатыр.

Зайнутдинов «Бешикташ» сапына 2023 жылдың жазында ресейлік ЦСКА клубынан ауысқан. Өткен маусымда ол барлық турнирде 12 ойын өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті. Қорғаушының қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін күшінде. Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 3 миллион еуро деп бағалаған.

Айта кетейік, «Спартак» – Ресейдегі ең танымал әрі ең титулды клубтардың бірі. Кейбір зерттеулер бойынша, клуб Еуропада жанкүйерлік қолдау тұрғысынан алғашқы 20-лыққа кіреді.