Наталья Богданова Қазақстанға бесінші алтын медальді әкелді

olympic.kz
Астанада өтіп жатқан бокстан World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңінде қазақстандық спортшы Наталья Богданова алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz.
70 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Богданова шешуші жекпе-жекте Аустралия боксшысы Лекейша Перголитимен кездесіп, тартысты өткен кездесуде бөлінген шешіммен жеңіске жетті.
Бұл жетістік ел құрамасының турнирдегі бесінші алтын медалі болып тіркелді. Бұған дейін Наталья Богданова 2025 жылғы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын. Астанадағы жарыста ол финалға дейін Үндістаннан келген Санамачи Чану Токчомды, Бразилиялық Барбара Мариа дос Сантосты және Нигерия өкілі Патрисия Мбатаны жеңді.
Натальяның бұл жеңісі Қазақстан құрамасының жалпы табысына қосылған маңызды үлес болды.